06.03.2018, 10:14 1135 Қадамың құтты болсын, Данияр!

Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

26 жастағы боксшы Boxing Star LLC менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Елеусіновтың промоутері атақты - Эдди Хирн. Британдық промоутер аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаның (20-0, 20 КО), жеңіл салмақтағы WBA Super және IBF чемпионы Райан Барнет (18-0, 9 КО), жартылай орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Кел Брук (37-2, 26 КО) пен орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша бұрынғы чемпионы Дэниэл Джейкобспен (33-2, 29 КО) жұмыс жасайды.  

Данияр кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Нью-Йоркта 28 сәуір күні өткізеді. Ал, екінші жекпе-жегі 2 маусымға жоспарланған. Алайда, қазақстандық боксшының қарсыластары әзірге белгісіз болып тұр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал