22.04.2018, 9:40 756 Канададағы бокс кешінде үш қазақстандық рингке шығады

Шавиниганда (Канада) 16 маусымда үш қазақстандық қатысатын бокс шоуы өтеді.
Атап айтқанда, рингке Абылайхан Хұсаинов (8-0, 5 КО), Нұрзат Сабиров (5-0, 5 КО) және Садриддин Ахмедов (1-0, 1 КО) шығады. Бірақ олардың қарсыластарының кім екендіктері әзірге жарияланған жоқ.
Алдында Хусаиновтың бокс кешінің бірінде өзге қазақстандық - Батыр Жүкембаевпен (12-0, 10 КО) 26 мамырда Квебекте (Канада) рингке шығуы күтілген еді. Бірақ таңдау маусымдағы жекпе-жекке ауысты.
Абылайхан өзінің соңғы айқасын 31 наурызда өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық боксшы Хильберто Месуды (8-4-1, 5 КО) жеңді.
Сабиров 7 сәуірде чех Станислав Эшнермен (8-9-1, 5 КО) айқасқан. Алты раундтық жекпе-жек төртінші раундта Нұрзаттың жеңісімен аяқталды (техникалық нокаут).

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал