15.10.2018, 11:03 847 Канадалықтар боксшы Садриддин Ахмедовты «қазақстандық сенсация» деп атады

Канадалық бұқаралық ақпарат құралдары 20 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовты (4-0, 4 КО) «Қазақстандық сенсация» деп атады.

Ахмедов Хесус Хавьер Мендосаны (7-6-1, 6 КО) нокаутқа жіберуге небәрі 57 секунд жұмсады. «Міне, дайын! Ахмедов Мендосаны жеңді. Рефери 57-секундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Қазақстандық сенсацияның тағы бір жылдам жеңісіне куә болып отырмыз», - деп жазды Туиттерде Ringsideblog.com журналисі Жан-Филипп Арканд.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста осы кезге дейін өткізген төрт кездесуін де нокаутпен аяқтаған. Соның үшеуі тек бір ғана раундқа созылған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал