07.03.2018, 11:08 911 Қанат Ислам Америкада өзінің промоутерлік компаниясын ашты

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental мен WBA Fedelation белбеулерінің иегері Қанат Ислам «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бұл ақпарат туралы бір сағат бұрын қазақстандық боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook желісінде мәлімдеді.

«Қанат Ислам Америкада «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты. «QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде "Main event" промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде», - деп жазды Берік Сұлтан.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал