25.06.2018, 16:40 782 Қанат Ислам WBO рейтингінен шығып қалды


Халықаралық бокс ұйымы (WBO) маусым айының қорытындысы бойынга жаңа рейтингті шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жаңғырған тізімде қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) үздік деген 15 боксшының қатарынан шығып қалды. Бұған дейін отандасымыз рейтингте тоғызыншы орында тұрған еді. «Қазақ» WBO NABO, WBA NABA и WBA Inter-Continental титулдарын жеңіп алған. Өзінің соңғы кездесуінде (9 қыркүйек) Ислам канадалық Брэндон Кукты техникалық нокаутпен жеңген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал