03.08.2018, 10:10 721 «Канело» алдағы рематчқа дайындығының құпиясын ашты

Мексикалық боксшы Сауль Альварес GGG-мен болатын алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын жариялады. Ол бұл туралы Worldboxingnews.net сайтына берген сұхбатында айтты.

«Канелоның» рематчқа дайындығы былай көрсетілген:

-Әр күн сайын (жексенбіден басқа) таңғы 6:00-де жүгіру.

- Спортзалда дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 2:30-дан 5:00-ке дейін оқу-дайындық (скакалка, тенбонирование, қаппен жұмыс жасау, стратегия құру және онымен жұмыс жасау т.б.) жасау.

- Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері сағат 2:30-да спарринг-сессия.

- Тауық еті, балық және көкеністерден тұратын диета.

Осылай «Канело» оқу-жаттығудың төртінші, ал спаррингтің үшінші аптасын аяқтайды. Ол жаттығу жасау лагерінде әлі 5 апта қалып, өзінің дайындығын шыңдай түспек.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші айқасы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал