20.08.2018, 11:35 897 «Канело» бокстан шеттетілген соң не істегенін айтты

Мексикалық боксшы Сауль Альварес кленбутеролдың кесірінен жарысқа қатысу құқығынан айрылғаннан кейін көп нәрсеге абайлап, сақтанып қарайтынын айтты.

«Басымнан өткен сол бір оқиғадан кейін сақтық шараларын мықтап қолға алдым. Шынымен де, барынша абайлап әрекет етемін. Мен бұл орайда тым шектен шыққан сияқтымын»,-дейді «Канело».

Еске сала кетейік, Альварестің жарыстан шеттетілу мерзімі 17 тамызда аяқталған болатын. Енді ол 15 қыркүйек күні рингке қайта оралып, Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жекке шығады. Олардың алғашқы кездесуі өткен жылы Лас Вегаста даулы жағдайда тең аяқталған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал