04.04.2018, 8:12 804 «Канело» допинг дауына байланысты сұрақтарға жауап бермек

Мексикалық боксшы «Канело» Альварес реванш алдында болған допинг дауына қатысты журналистердің сұрақтарына жауап беруге дайын.

Шара бейсенбі күні болады. Бұл туралы Los Angeles Times газетінің тілшісі Лэнс Пагмайр хабарлады.

 «Golden Boy сейсенбі күні «Канелоның» медиа-брифингі туралы айтты. Біз ол жерде боламыз», - деп жазады журналист.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. 

Наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.

Головкин мен Альварестің реваншы ағымдағы жылдың 5 мамырына жоспарланған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал