07.09.2018, 12:46 583 «Канело» Головкинді нокаутқа түсіруге дайын отырғанын айтты

Әлемнің экс-чемпионы Сауль Альварес алдағы Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жекке қатысты жоспарларымен бөлісті. «Канело» Головкинмен арадағы араздығы айқаста қарсыласын нокаутқа түсіріп, барлық тағылған айыптар үшін кек қайтаруға итермелейтінін айтты.

«Мен бокстағы 13 жыл бойғы мансабымда жеткен жетістіктеріме ризамын. Әрине, әлі талай жыл рингке шығамын, дегенмен қазіргі таңда өз-өзіме көңілім толады. Берілген барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, тарихқа өз үлесімді қосуға, жоғары дәрежедегі жекпе-жектерді ұсынуға әзірмін. Боксшының рингтегі ғұмыры қысқа болады, сондықтан оны нақты бір мақсатқа жұмсағым келеді. Артымда өшпес із қалдыру үшін бар мүмкіндікті толықтай пайдаланғым келеді. Әрине, бұл айқастың менің жеке басыма да ықпалын тигізгені белгілі. Шынымен де, Головкинді ұнайтпаймын, дегенмен бұл - жеке мәселе. Дәл осы араздық мені одан ары жаттығуға итермелеп, 15 қыркүйекте қарсыласымды нокаутқа түсіруге күш береді», - деді «Канело».

Еске салайық, көптен күткен қарымта кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі «T-Mobile» аренасында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал