13.09.2018, 8:56 833 «Канело» Головкинге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) өзінің қарсыласы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) кәсіпқойлығын мойындады.

«Головкин - өзгеше боксшы. Ол мықты әрі төзімді. Оны жеңу қиын болады. Бұл менің мансабымдағы ең маңызды жеңіс болатыны сөзсіз», - деді «Канело» ESPN-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, «Канело» мен Головкиннің екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді. Тап осы жерде боксшылардың тең түскен бірінші кездесуі өткен болатын. Бұл жолы боксшылардың екеуі де кездесуді нокаутпен аяқтауға оқталып отыр. Өйткені олар жекпе-жек нәтижесі бойынша шешімді төрешілер жасағанын қаламайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал