16.10.2018, 14:24 888 «Канело» Головкинмен болған жекпе-жегі туралы айтты

Мексика боксшысы Сауль Альварес 50-1-2, 34 КО) WBC тұжырымдамасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионының белдігін өзіне табыстау рәсімінде соңғы жекпе-жегі туралы айтты.

«Головкинмен айқас - қазіргі кезде мансабымдағы ең маңыздысы болды. Бұл бірінші кезеңнің соңы деп санаймын. Енді менің мансабымда бұдан да жақсы, әрі табысты жаңа кезең басталып отыр», - деді «Канело».

Еске сала кетейік, «Канело» 15 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен реванштық айқаста жеңіске жетті.

Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Айқас төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Геннадий үшінші айқасқа да келісімін берді. Бірақ Альварестің командасы оны ұйымдастыруға асығып отырған жоқ.

Сауль Альварестің келесі жекпе-жегі 15 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында өтеді. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы чемпион Рокки Филдинг (27-1, 15 КО) болмақ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал