07.09.2018, 6:43 637 «Канело» Головкинмен өтетін жекпе-жектен кейінгі кездесуін жоспарлап қойды

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Сауль Альварестің Генннадий Головкинді жеңген жағдайда кезекті кездесуін қайда өткізуі мүмкін екенін айтты.

«Біз Madison Square Garden-ге 15 желтоқсанға тапсырыс беріп қойдық»,-деп келтіреді Гоместің твиттердегі сөзін Fight Sports.

Айта кетейік, «Канело» мен Головкиннің екінші кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena-сында өтеді. Тап осы жерде боксшылардың тең түскен бірінші кездесуі өткен болатын. Бұл жолы боксшылардың екеуі де кездесуді нокаутпен аяқтауға оқталып отыр. Өйткені олар жекпе-жек нәтижесі бойынша шешімді төрешілер жасағанын қаламайды.

Бұл жекпе-жекке 1XBET букмекерлік кеңсесі төмендегідей коэфициенттерді ұсынып отыр. Головиннің жеңісі 1.68, «Канелоның» жеңісі - 2.488, тең түскен жағдайда - 20.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал