16.08.2018, 9:20 556 «Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізгісі келмейді

 

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) қарсы үшінші рет рингке шығуды қаламайтынын айтты.

«Бірінші жекпе-жек артта қалды, екіншісі де өтеді... Ол қалай аяқталатынына қарай адамдар тағы бір рет, үшінші жекпе-жекті көргісі келеді. Өз басым барлығы осы жерде аяқталғанын қалаймын. 15 қыркүйекте өзімнің үздік екенімді дәлелдегім келеді», - дейді «Канело».

Еске сала кетейік, бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталған болатын. Рематч 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал