26.02.2018, 13:11 1320 «Канело» Головкинмен жауапты кездесу алдында жаңа татуировка жасатты

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес WBA, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жауапты кездесу алдында жаңа татуировка жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Енді Альварестың сол қолында ақ-қара гаммамен  үлкен қызының бейнесі суреттелген. Айта кетейік, «Канелоның» тағы да  «No boxing, no life» (Бокс жоқ болса, өмір де жоқ) деген денесінде жазуы бар.  

Альварес пен Головкинның екінші кездесуі 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді. Ертең қос боксшы Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал