28.08.2018, 17:24 735 «Канело» Головкиннің барлық титулдарын тартып алмақ

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя «Канелоның» келесі жоспарларын айтты.

Соңғы кездері «Канело» мен Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) арасындағы екінші айқастың жеңімпазы осы жекпе-жектің андеркартында жұдырықтасатын Давид Лемьё (39-4, 33 КО) және Гэри О'Салливан (28-2, 20 КО) жұбының жеңімпазына қарсы рингке шығады деген сыбыс тарап кетті. Бірақ «Канелоның» промоутері бұған ешкім кепіл бола алмайтынын жеткізді.

«Ешқандай кепілдік жоқ. Барлығы да боксшылардың өздеріне, олардың жекпе-жегі қаншалықты жемісті болуына байланысты. Егер О'Салливан немесе Лемье жақсы жұдырықтасса, олар өздеріне назар аудартуы мүмкін. Бірақ мен Альварес зор амбициялы жоспар құрып отырғанын айтқым келеді. Ол алдымен Головкиннің титулдарын тартып алып, дивизиондағы белдіктерді қосу үшін жекпе-жек өткізуге ниетті. Ол үздіктермен айқасқысы келеді. Бірақ қайталап айтамын, көп нәрсе Лемьё мен О'Салливанның өздеріне байланысты», - дейді Де ла Хойя.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал