14.06.2018, 13:09 922 «Канело» қыркүйекте Головкинмен өтетін ұрыстың анонсын жариялады

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен екінші кездесуге келіскеннен кейін әлеуметтік желіде арнау жолдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Головкинмен алдағы жекпе-жекке келіскендігімді сіздерге хабарлауға асықпын. Біз 15-ші қыркүйек күні жұдырықтасатын боламыз. Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды екенін ұмытпаңыздар», - дейді «Канело» инстаграмдағы видеоарнауында.  

Біз бұған дейін Головкин мен Альварестің екінші кездесуге келіскендігі туралы жазған едік.

Головкин жауапты кездесуден кейін 40 миллион доллар табыс табады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал