13.06.2018, 10:31 354 «Канело» The Ring белдігінен айырылды

The Ring журналының редколлегиясы мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль Альварес өздерінің рейтингінен алынып, белдігін қайтаруы тиіс деп шешті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Бұндай шешім шығаруға былғары қолғап шеберінің допингке қатысты дауға қалуы себеп болған. Атақты америкалық басылымның басшысы дисквалификация уақыты қыркүйекте аяқталатынын айтқанымен, сол кезде Альварес белдікті қайтарып алатынын немесе ала алмайтынын нақтыламаған.

Ал журналдың рейтингіне Сауль қайта енуі бек мүмкін, ол үшін осы қыркүйекте жекпе-жек өткізуі тиіс.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал