28.07.2018, 10:42 593 «Канело» журналистерге мәлімдеме жасады

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің және Golden Boy Promotions компаниясының Геннадий Головкинмен бірлескен баспасөз мәслихатынан және екінші жекпе-жекті толықтай насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді.

«Тыңдаңыздаршы, егер біз оны былтыр жасаған болсақ, тағы да пресс-тур жасап қайтеміз? Біз командамыз бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты. Себебі бізге жұмыс істеу қажет. Мен үшін қазір ең бастысы - жаттығу жасау. Баспасөз мәслихаты ұнайды ма деген сұраққа келсек, маған одан гөрі жаттығулар мен жекпе-жектер ұнайды», - деді «Канело» Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, таяуда Головкин мен Альварес өзгеше баспасөз мәслихатын өткізген еді. Баспасөз жиыны қашықтықтан өтті, боксшылар өз лагерлерінде болды. «Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал