25.09.2018, 9:17 1036 «Канелодан» жеңілген Головкин мен оның бапкері дәл қазір қандай күйде жүр

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (31-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес маңызды жекпе-жекте жеңіліс тапқан қарамағындағы боксшыларды қалай қолдайтынын айтты.

Головкин қарымта кездесуде мексикалық Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылған болатын.

«Біздің естеліктеріміз қысқа болуы керек. Оларды артқа қалдырып, келешекте қайталамауға тырысқан абзал. Біз кері қайтып, барлығын қайта қалпына келтіруге тиіспіз. Жеңіліс пен негативті сәттерден сабақ алған жөн», - деді Абель Санчес.

Еске салайық, алдыңғы жылы өткен алғашқы кездесуде Головкин мен «Канело» тең түсіп, ел арасында шу шыққан еді. Бұл жолы «Канело» төрешілердің басым дауысымен жеңімпаз атанғанмен, журналистер мен жанкүйерлер мұндай шешімге наразылық білдірді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал