19.10.2018, 9:41 842 «Канелоның» Головкинді жеңгеннен кейінгі табысы аталды

Univisión Deportes тілшісі Адриана Монсальве мексикалық боксшы Сауль Альварестің қаржылық табысына қатысты мәліметтерді жариялады.

«Сауль «Канело» Альварес Лионель Месси, Криштиану Роналду, ЛеБрон Джеймс пен Роджер Федерерадан асып түсіп, 2019 жылы гонорар ең көп төленетін спортшы болады. Ол 120 миллион доллар табыс табуы мүмкін», - деп жазады Монсальве Твиттерде.

Айта кетейік, бүгінгі күні «Канело» 44,5 миллион ақшасымен табысы ең жоғары спортшылар тізімінде 15-орында тұр. «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессидің жалақысы 111 миллион долларды құрайды, ал «Ювентустың» форварды Криштиану Роналду 108 миллион табыс табады. Бірінші орынға 285 миллион доллармен америкалық боксшы кіші Флойд Майвезер орналасқан. Дегенмен, ол спортқа оралатынын ресми түрде әзірге хабарлаған жоқ. Альварестен рематчта жеңіліп қалған Геннадий Головкин 25 миллион доллармен тізімде 72-орында тұр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал