24.09.2018, 21:34 722 «Канелоның» Головкиннен тартып алған белбеуіне кім таласатыны белгілі болды

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикалық Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) ұйымның тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін міндетті қорғауы туралы айтты.

WBC желісі бойынша «Канелоның» міндетті қарсыласы америкалық боксшы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) болады.

Boxingscene.com хабарлағандай, «Канелоның» WBC белбеуін Чарлоға қарсы жекпе-жекте міндетті қорғауы туралы шешім 30 қыркүйекте Киевте (Украина) басталатын Дүниежүзілік бокс кеңесінің конвенциясында қабылданады.

Еске салайық, Альварес Головкинді рематчта төрешілердің басым дауысымен жеңіп, қазақстандықты WBA Super, WBC және IBO белбеулерінен айырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал