01.05.2018, 9:33 619 «Канелоның» командасы Геннадий Головкинды сотқа берді

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) адвокаты Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) сотқа берді.
Олар қазақстандық боксшыны ақпан айындағы «Канелодан» допинг табылуына қатысты айтқан сөзі үшін айыптап отыр.
Еске сала кетейік, Канелоның» допинг сынамасынан тыйым салынған заттың табылуына байланысты Геннадий Головкин пікір білдіріп, Сауль Альварес шынайы жүзін көрсетті деген болатын. Геннадий 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварестің тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтіргенін бұған дейін жазған едік.
Сондай-ақ, «Канелоның» командасы Сауль Альваресті допинг қолданғаны үшін алты айға спорттан шеттеткен АҚШ-тың Невада штаты Атлетикалық комиссиясын да сотқа берді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал