17.07.2018, 12:12 615 Қарағандылық палуандар екі матчтық кездесуде АҚШ құрамасын жеңіп шықты

 

Облыс орталығында Америка Құрама Штаттары мен Қарағанды облысының спортшыларының арасында еркін күрес бойынша матчтық кездесулер өтті. Үш кездесудің екеуінде жеңіс қарағандылықтарға бұйырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сайыстың барлық қатысушылары – студенттер. Қазақстанда осындай матчтық кездесулер алғаш рет өткізілді. Бұған дейін американдық қарсыластармен қазақстандықтар тек ірі халықаралық сайыстарда ғана кездескен болатын.

Қарағандыға келген АҚШ спортшыларының барлығы университет студенттері арасындағы чемпионаттардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Делегация жетекшісі – Джон Петерсон Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Мюнхен, 1972 ж.), Монреальдағы Олимпиада ойындарының чемпионы (1976 ж.). Қонақтар командасының бас жаттықтырушысы – Стив Барред, Әлем чемпионатының жүлдегері, АҚШ біріншіліктерінің бірнеше мәрте жеңімпазы.

Қарағанды облысының атынан өнер көрсеткен спортшылар ҚР Чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады.

Үш матчтық кездесу қорытындысы бойынша жеңіске қарағандылық спортшылар қол жеткізді. Бұған қоса Америкадан келген қонақтар үйлеріне Достық Кубогын алып кетті. Сонымен бірге, олар Алматының тауларына саяхаттап, Астанада экскурсияға барып қайтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал