07.11.2018, 17:23 407 Каратеден әлем чемпионатында Данияр Юлдашев қола жүлдеге таласады

Испанияның Мадрид қаласында каратеден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Юлдашев ширек финалда украиналық Валерий Чеботарьға есе жіберді. Кездесуде 0:0 есебі тіркелгеніне қарамастан, төрешілер жеңісті Даниярдың қарсыласына берді. 

«Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Қарсыласымнан бір мысқал да төмен болғам жоқ. Төрешілердің неліктен мұндай шешім шығарғаны түсініксіз. Өкінішке қарай, жолым болмады», - дейді Данияр.

Іріктеу айналымдарында Сауд Арабия, Венесуэла және Венгрия спортшыларынан басым түскен Юлдашев 10 қараша күні қола жүлдеге таласады. Даниярдың қарсыласы – әлем чемпионы, ирандық Забиолла Пуршаб.

Еске сала кетейік, Данияр Юлдашев Азия ойындарының қола жүлдегері, Берлинде өткен Премьер-лига додасының күміс жүлдегері. 

84 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Димаш Үкматов үшінші кезеңде кувейттік спортшыдан ұтылып, жүлдеге таласу құқығынан айырылды. 

68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Александра Будкина бірінші айналымда жеңілді. 

Бүгін Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі), Мадина Өтелбаева (-61), Дархан Асаділов (-60 келі), Асылбек Мұратов (-67 келі), Ермек Айназаров (-75 келі) бақ сынайды. 

Айта кетелік, Мадридтегі әлем чемпионатына 140 елден спортшы қатысуда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал