16.07.2018, 10:15 727 Каратэден Азия чемпионаты: Қазақстан командалық сында екі медаль жеңіп алды

Иордания астанасы Амманда картаэден (WKF) Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде командалық кумитэден жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазастанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, ал Қазақстан қыздар құрамасы финалға жолдама алған болатын. Өкінішке қарай, финалда жерлестеріміз жапон қыздарына жол берді. 

Еске сала кетейік, жекелеген сында Қазақстан құрамасының каратэшілері 3 қола медаль жеңіп алған болатын. 

Аммандағы Азия чемпионатына каратэден Қазақстанның қосалқы құрамы аттанды. Ал негізгі құрам Азия ойындарына дайындалуда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал