27.08.2018, 9:44 756 Каратеші Гузалия Ғафурова Азия ойындарының алтынына таласады

Бүгін Джакартадағы жазғы Азия ойындарында каратешілер сайысы жалғасуда. 68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.

Ал жартылай  финалда вьетнамдықпен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті. 

Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал