06.11.2018, 11:20 627 Кәсіпқой бокс федерациясы Шәріпованың жоспарларына пікір білдірді

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Фируза Шәріпова мен WBC чемпионы Ева Вальстрем арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ева Вальстреммен жекпе-жек жақсы мүмкіндік. Негізгі титулдарды жинау қажет. Титулдарды қорғаған жақсы, бірақ жаңа белдіктерді жинау керек. Фирузаның екпіні қарқын, оған қуана сәттілік тілейміз», - дейді Демьяненко.

Ол сондай-ақ бокс және ММА өкілдерінің арасында айқас ұйымдастыруға не түрткі болып отырғаны туралы пікірін бөлісті.

«Мейвезер дұрыс істеп жатыр, өйткені ол көбірек табысқа кенелгісі келеді. Бірақ мұндағы таразы басы тең емес. Аралас жекпе-жекте спортшылар көбінесе күрес, қылқындыру сияқты әдістерге арқа сүйейді. Мейвезер Нурмагомедовпен және МакГрегормен кездесу туралы айтқан Головкин секілді октагонға кіріп көрсінші. Бұл мәселеде мен біршама консерватившілмін. Меніңше, мұндай аралас кездесулердің салдарынан бокстың қызығы қалып барады. Бір жағынан, жұрт та осыған қызығып отыр», - дейді Виктор Демьяненко.

Бұл ретте, Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Фируза Шәріпованың Крис Сайборг - Аманда Нуньес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу туралы бастамасын құптамады.

«Ең алдымен, бокстағы барлық титулдарды жинап алуды басты мақсат етіп, соған күш жұмсау қажет. Өз басым жанкүйер ретінде Фирузаның атағы жайылғанын, дамығанын қалаймын. Ал UFC чемпиондарының бокста Фирузаға көрсетер қауқары жоқ», - дейді Демьяненко.

Еске сала кетейік, Фируза Шәріпова 22 желтоқсан күні Санкт-Петербургтегі «СИБУР АРЕНА» концерттік-спорт кешенінде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстреммен кездеседі. Жекпе-жекке Вальстремның WBC белбеуі және қазақстандық спортшының IBO Championship белбеуі тігілген. Осы айқастың жеңімпазы жартылай орта салмақ санатындағы әлемдегі үздік боксшы атанады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал