25.07.2018, 17:04 849 «Қайрат» - «АЗ Алкмаар» матчын қайдан көруге болады

 

УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңі аясындағы алматылық «Қайрат» пен голландиялық «АЗ Алкмаар» командалары арасындағы ойын «QAZSPORT» арнасының тікелей эфирінде көрсетілетін болады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ойын 26 шілде күні 20:50-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық ұжым Еуропа Лигасы аясындағы алғашқы іріктеу сынында Андорраның «Энгордань» командасын тас-талқан еткен еді.

Сондай-ақ, «QAZSPORT» арнасының көрермендері осы ойыннан кейін Еуропа Лигасында бақ сынап жатқан тағы бір қазақстандық клуб «Тобол» мен «Пюник» арасындағы ойынды тамалшалай алады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал