21.05.2018, 18:18 763 Қайрат Боранбаев УЕФА қорының марапаттау рәсіміне қатысты

Қайрат Боранбаев УЕФА балалар қорының марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА UEFA.com ресми сайтына сілтеме жасап.
Марапаттар Еуропаның жағдайы нашар балаларға қолдау көрсететін 20 ұйымына жіберіледі. УЕФА Әлеуметтік жауапкершілік комитетінің вице-президенті Қайрат Боранбаев Францияда өткен кездесуге қатысты.
УЕФА қорының қамқоршылық кеңесі Александр Чефериннің жетекшілігімен Лиондағы «Спорт данс ла Вилль» ұйымының кеңсесінде өтті. Аталған ұйым жағдайы нашар балалардың спорт арқылы қоғамға бейімделуіне көмектеседі.
Қамқоршылық кеңесі бөлген 1 миллион еуро Армения, Аустрия, Бельгия, Хорватия, Кипр, Чехия, Эстония, Франция, Германия, Израиль, Косово, Лихтенштейн, Литва, Македония, Польша, Ирландия, Румыния, Словения, Швеция, Швейцария елдерінің 20 ұйымына теңдей 50 мың еуродан үлестіріледі.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал