10.08.2018, 1:04 740 «Кайрат» Чехияда есе жіберді

Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында «Қайрат» Чехияның «Сигма» командасына есе жіберді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ойын Оломоуцедегі «Андрув» стадионында өтті. Мачт 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

21-ші минутта «Сигманың» жартылай қорғаушысы Мартин Сладки есеп ашты. Бұл сәтте «Қайраттың» қорғаушылары қателікке бой алдырып, қақпасын голдан аман сақтай алмай қалды.

Сондай-ақ, бірінші таймда Ғафуржан Сүйімбаев алаңнан қуылды. 36-шы минутта «Қайраттың» қорғаушысы қызыл қағаз алып, әріптестерін қиын жағдайға қалдырды.

Чехия командасы екінші кезеңнің басында-ақ есепті еселей түсті. Гол авторы атанған – Вацлав Пиларж.

Ары қарай таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Сигма» арасындағы қарымта кездесу 16-шы тамыз күні өтеді. Айтылған жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Севилья» немесе «Жальгирис» командасымен ұшырасады.

«Сигма» (Оломоуц, Чехия) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) 2:0 (1:0)
Голдар:
Сладки 21 (1:0), Пиларж 50 (2:0)
Сары қағаз: Вепршек 59, Калвач 88 — Эсеола 41
Қызыл қағаз: Вепршек 68 — Суюмбаев 38
-«Сигма»: Бухта, Емелка, Плшек (Иунис 85), Пиларж (Гала 64), Гоуска, Штерба, Фалта, Вепршек, Калвач, Нешпор (Заградничек 75), Сладки
«Қайрат»: Плотников, Бато, Суйімбаев, Исламхан (Иличевич 78), Исаэл, Лунин, Эсеола (Эппель 57), Элек, Политевич, Аршавин (Куат 53), Фелипе
Бас төреші: Массимилиано Иррати (Италия)
9-шы тамыз. Оломоуц. «Андрув». 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал