16.08.2018, 21:58 1522 «Қайрат» Еуропа лигасымен қош айтысты

 «Қайрат» өз алаңында Чехияның «Сигма» командасына есе жіберіп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қос команда арасындағы бірінші ойынның есебі (0:2) болып аяқталған еді. Алматыдағы матчта жерлестеріміз кем дегенде дәл осындай есеппен алға шығуы шарт болатын. Алайда, «халық командасы» қанша тырысып бақса да, қажет деген нәтижеге қол жеткізе алмады.  

Қонақтар 19-шы минутта Нешпордың көмегімен есепті ашса, 51-ші минутта таблодағы көрсеткішті 2-0-ге жеткізді. Бұл жолы көзге түскен – Гоушка.

Көп ұзамай Алматы командасынан Эппель есепті қысқартып, көзге түсті. Өкінішке қарай, бұдан кейін есеп өзгермеді. «Қайрат» Еурокубок маусымындағы жорығын аяқтады.

Айта кетейік, матч аяқталуына 15 минут қалғанда «Қайраттың» сапынан Фелипе қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Қосымша уақыт белгіленген кезде Исаэл де әріптестерінен бұрын алаңнан кетуіне мәжбүр болды.

«Қайрат» - «Сигма» 1:2 (0:1)

Голдар: Нешпор 19 (0:1), Гоушка 51 (0:2), Эппель 61 (1:2)

Алаңнан қуылғандар: Фелипе 75 («Қайрат»), Исаэл 94 («Қайрат»)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал