21.02.2018, 17:06 «Қайрат» пен «Оңтүстік» төбелес шығарды

Тараз қаласында футболдан 2000 жылғы жасөспірімдер арасында Республикалық «Арман» турнирінің іріктеу кезеңінде «Қайрат» пен «Оңтүстік» командаларының ойыншылары төбелес шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ВКонтакте желісіндегі championat.kz парақшасына сілтеме жасап.

Қос команда кездескен матчтың соңы жаппай төбелеспен аяқталды. Жас футболшылардың арасына жаттықтырушылар түсіп, екі жақты тынышталдырумен болды. Әзірге төбелестің не себепті орын алғаны беймәлім.  

Ойынның төрешісі «Қайраттан» Әлімжан Данияр мен «Оңтүстіктен» Жақсылықов Жалғасқа қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуып шықты (матч аяқталған соң). Бұл дегеніңіз, жанжал аталған осы екі ойыншының арасында болды деген негіз қалдырып отыр.

  • Достармен бөлісу: