29.05.2018, 12:12 709 «Қайрат» - Премьер-лиганың бірінші айналымында ең көп жанкүйер жинаған клуб

Қарағандылық «Шахтерге» қарсы матчпен алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының бірінші айналымын аяқтаған еді. Айналым қорытындысы бойынша, халық командасы өткен 11 турда ең көп жанкүйер жинаған клуб атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қайраттың» өз алаңындағы матчтарына 56 200 жанкүйер келген, бұл орташа есеппен 9 367 адамды құрайды. Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» қатарынан төрт жыл бойы Қазақстанда жанкүйер көп жинайтын клуб атанып келеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал