08.09.2018, 20:45 1186 «Қайрат» Санкт-Петербургке келіп жетті

Алматылықтар Пулково әуежайына келіп, бірден ресейліктердің назарын өздеріне аударды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Дәлірек айтқанда, жергілікті тұрғындардың назары «Зениттің» бұрынғы ойыншысы, бірнеше жылдан бері Петербургке келмеген Андрей Аршавинге ауды.

«Зениттің» бұрынғы танымал ойыншысымен суретке түсіуге құмартқандара қатары аз болмады. Шаршағанына қарамастан Аршавин барлығымен селфиге түсіп, көңілді жүрді.

«Зенит» пен «Қайрат» арасындағы жолдастық кездесу ертең, 9 қыркүйек күні Санкт-Петербургте, Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал