09.04.2018, 4:14 878 Қайсар Алпысбай Мароккодағы халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды

Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан «Premier League Rabat-2018» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін айқаста Қайсар Тунис елінің өкілі Надер Аззоузиді ұтты (1:0).

Бұл салмақта өзбекстандық Садриддин Сайматов чемпион атанды. Ол финалда түркиялық Айкута Кайаны 4:1 есебімен жеңді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал