10.06.2018, 12:00 896 Қазақ балуандары Моңғолия төрінен 2 алтын жеңіп алды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында еркін және әйелдер күресінен жүлде қоры қомақты қаржыны құрайтын "Моңғолия Open" турнирі аяқталды. Аталған додадан біздің балуандар жеңіспен оралды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Әсет Серікбаев жаттықтыратын құрама жарыстың алғашқы күнінде 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

86 келідегі Әсет Дәуленбаев пен 97 келідегі Бақдәулет Әлментай өз салмақтарында чемпион атанды. Ал Саятбек Оқасов (65 келі) пен Данияр Қайсанов (74 келі) өз кезегінде күміс және қола жүлдегерлер атанды.

Бір айта кетерлігі, жарыс жеңімпазы атанған спортшыға ұйымдастырушылар 1000,800,500 доллар көлемінде сыйақы ұсынды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал