19.09.2018, 9:44 1297 «Қазақ Мессиінің» керемет голы бейнеленген видео пайда болды

Ресейлік «Уфаның» Вконтакте желісіндегі ресми тобында Қазақстан құрамасының жас шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет түсірілген видео жарияланды.

Видео ресейлік команданың жаттығып жатқан кезінде түсірілген.

«Сен қайталай аласың ба?» деген жазбамен бірге жарияланған роликте Еркебұланның бұрышта тұрып, тұп-тура қақпаны көздеп гол салғаны бейнеленген.

Еске салайық, өткен сенбіде Сейдахмет осы маусымда «Уфаның» негізгі құрамында алғашқы матчын өткізді. Сергей Томаровтың ұжымы мәскеулік ЦСКА-дан (0:3) ұтылып қалды. Еркебұлан 68-ші минутта Павел Аликиннің орнына шығып, 85-ші минутта сары карточка алып қалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал