19.03.2018, 10:18 933 Қазақстан Әлем кубогының VIII кезеңінде 22-ші келді

Норвегияның Холменколлен қаласында биатлоннан Әлем кубогының сегізінші кезеңінде ерлер арасында эстафета сайысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жеңіс жарыс қожайындары Норвегия құрамасына бұйырды. Екінші орында Аустрия ұжымы иеленді. Үздік үштікті ресейлік биатлоншылар түйіндеді.

Владислав Витенко, Роман Еремин, Тимур Хамитгатин мен Василий Подкорытов бастаған Қазақстан құрамасы сайысты 22-ші орында аяқтады.

Биатлоннан Әлем кубогының VIII кезеңі, Холменколлен, Норвегия

Ерлер, эстафета, 4х7.5 шақырым

1. Норвегия – 1:13:13.7

2. Австрия - +50.3

3. Ресей - +56.9

… 22. Қазақстан - +1к

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал