03.09.2018, 10:39 1100 Қазақстан-Англия матчына болгариялық мамандар төреші болады

4 қыркүйек күні футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында Англиямен 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турының қорытынды матчын өткізеді.
Бұл ойында болгариялық мамандар төрелік етеді. Бас төреші - Християна Гутева, көмекшілері - Екатерина Маринова мен Мирела Иванова. Резервтегі арбитр - қазақстандық Елена Алистратова. Матч инспекторы Ирина Мирт (Румыния).
Ойын Павлодардағы «Центральный» стадионында өтеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал