23.10.2018, 8:03 1209 Қазақстан ауыр атлеттері әлемдік жарыстарға қайта оралды


Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті Қазақстан ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарыстардан шеттеткен болатын. Өткен аптада жаза мерзімі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Допинг дауына ілінген ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасы АҚШ-та өткен әлем чемпионаты мен өзге де халықаралық турнирлерге қатысқан жоқ. 

Өткен жұма күні, 19 қазанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жаза мерзімі аяқталды.

Бір жылға созылған үзілістен кейін қазақстандық зілтеміршілер Ашхабадта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатыспақ. 

Әлемдік дода 1-10 қараша аралығында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал