10.04.2018, 9:14 721 Қазақстан әйелдер құрамасы Италиядан жеңілді

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азиагода өтіп жатқан әлем чемпионатында Италия командасымен кездесті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш матч 4:1 есебімен турнир қожайындарының пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында қыздарымыз овертаймда Оңтүстік Кореядан ұтылған болатын.

Хоккейден әлем чемпионаты, Азиаго (Италия), I дивизион, «В» тобы

Қазақстан - Италия 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)

1:0 - Алдабергенова (Свиридова) - 27:31
1:1 - Далпра (Салетта) - 31:26
1:2 - Маттиви (Далпра) - 36:40 ГБ
1:3 - Кариньяно (Зандеджиакомо, Мистротофоло) - 41:31
1:4 - Салетта (Далпра, Де Ла Форрест Де Дивонне) - 45:34

Қақпашылар: Дмитриева - Мадзокки

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал