09.04.2018, 9:11 767 Қазақстан әйелдер құрамасы овертаймда Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының I дивизионындағы «В» тобында Оңтүстік Корея командасымен кездесті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Тартысты өрбіген матч 2:1 есебімен кореялықтардың пайдасына шешілді. Қазақстан сапында матчтың үздік ойыншысы атағына Дарья Дмитриева ие болды.

Оңтүстік Корея – Қазақстан – 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)

1:0 - Ким (Гриффин) - 31:09

1:1 - Фукс -59:41

2:1 - Пак - 64:54

Қақпашылар: Син - Дмитриева

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін сәуірдің 10- жарыс қожайындары Италия құрамасына қарсы өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал