03.04.2018, 18:35 889 Қазақстан әйелдер құрамасы Ресеймен ойынға дайындық бастады

Астанада футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ-қа сілтеме жасап.

Футболдан 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында Қазақстан мен Ресей құрамалары 9 сәуір күні Астанада кездеседі. Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы – 16:00. Стадионға кіру тегін.

Ұлттық құраманың бас бапкері Айтбай Жамантаев оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Оксана Железняк, Александра Гребенюк, Назым Исмаилова;

Қорғаушылар: Мария Демидова, Екатерина Бабшук, Юлия Мясникова, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет, Асем Жақсыбай, Шохиста Ходжашева;

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы, Светлана Бортникова, Әсел Тұрлыбекова, Бегайым Қырғызбаева, Адиля Вылданова, Әсемгүл Аруова, Назерке Шалмұқанбетова;

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева, Арайлым Орынбасарова, Анастасия Власова;

Жаттықтырушылар штабы: бас бапкер – Айтбай Жамантаев, бас бапкердің көмекшісі – Владимир Ляпкин, қақпашылардың жаттықтырушысы - Абдулла Меркулов, дәрігер - Сәуле Қадырбаева, массажист - Айман Бейсенова, администратор – Талғат Нұрмұхамбетов, менеджер - Анастасия Журавлева.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал