11.07.2018, 18:13 65 Қазақстан бадминтоннан Азия чемпионатына қатысады

Шілденің 12-22 аралығында Индонезияның Тангеранг қаласында бадминтоннан Азия чемпионаты өтеді. Құрлық додасына Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бадминтоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

Дмитрий Панарин, Дамир Абдуллаев, Ия Гордеева, Кэмран Таджибулаев, Айша Жұмабек. 

14-18 шілде аралығында қатысушылар командалық турнирде бақ сынаса, 19-23 шілде күндері спортшылар жекелей сын және  миксте кім мықтыны анықтайды. 

Алдын ала болжам бойынша, Қытай, Индонезия, Оңтүстік Корея, Жапония, Таиланд және Үндістан құрамалары бадминтоннан құрлықтың басты фавориттері болып саналуда.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал