16.06.2018, 13:04 696 «Қазақстан Барысы» турнирін шетелдік телеарналар тікелей эфирде таратады

1 шілде күні Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесіне арналған «Қазақстан Барысы» республикалық турнирін шетелдік телеарналар тікелей эфирде таратады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Осымен сегізінші рет өтетін бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы мен Астана қалаларынан, әскерилер арасында іріктеуден өткен, 35 үздік балуан қатысады. 

Аламан доданы «Qazaqstan» ұлттық арнасы және «Qazsport» телеарнасы, сонымен қатар Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ», Түркияның «ТРТ Аваз» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетеді

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал