22.05.2018, 14:23 2242 «Қазақстан Барысының» қатысушылары анықталды

1 шілде күні Астанада өтетін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

16 аймақта және әскерилер арасында өткен турнирлерде бірінші және екінші орын алған балуандар ақтық сынға жолдама алды. Сонымен қатар, ереже бойынша былтырғы жеңімпаз еш іріктеусіз қатысу құқығына ие.

«Қазақстан Барысы 2018» қатысушылары:

1. Еламан Ерғалиев (Қазақстан Барысы 2017 жеңімпазы)

2. Айбат Сейтен (Астана қаласы)

3. Айтуар Абдулов (Астана қаласы)

4. Дәурен Нұралинов (Алматы қаласы)

5. Руслан Әбдіразақов (Алматы қаласы)

6. Мереке Турашев (Ақмола облысы)

7. Қайрат Махтин (Ақмола облысы)

8. Әділет Мисин (Ақтөбе облысы)

9. Еламан Қойшыбаев (Ақтөбе облысы) 

10. Ұлан Рысқұл (Алматы облысы)

11. Александр Касачев (Алматы облысы)

12. Арман Қалиев (Атырау облысы)

13. Бекболат Салықов (Атырау облысы)

14. Темірлан Көлбай (БҚО)

15. Асқар Нұрмұханов (БҚО)

16. Айбол Айтбек (Жамбыл облысы)

17. Айдос Теңгебаев (Жамбыл облысы)

18. Ержан Шынкеев (Қарағанды облысы)

19. Ерсін Мұxамеджанов (Қарағанды облысы)

20. Рамиль Шарыгин (Қостанай облысы)

21. Темірлан Сапаров (Қостанай облысы)

22. Нұрым Сәлімгереев (Қызылорда облысы)

23. Мақсат Исағабылов (Қызылорда облысы)

24. Мейрамбек Жаңабай (Маңғыстау облысы)

25. Күнәлем Ержанов (Маңғыстау облысы)

26. Ерсұлтан Мұзаппаров (ОҚО)

27. Бейбарыс Әбдіғани (ОҚО)

28. Арман Махамбетов (Павлодар облысы)

29. Серік Сәлменов (Павлодар облысы)

30. Мұхит Тұрсынов (СҚО)

31. Алтынбек Аусағитов (СҚО)

32. Айбек Нұғымаров (ШҚО)

33. Мақсат Мәзібаев (ШҚО)

34. Ерасыл Қажыбаев (Әскер Барысы)

35. Әлібек Зекенов (Әскер Барысы)

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал