27.03.2018, 19:31 915 Қазақстан бильярдтан Алматыдағы әлем чемпионатында «алтын құраманы» шығарады

5-8 сәуір күндері Алматыда бильярдтың «динамикалық пирамида» бағытынан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА турнирдің ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап.

Онда ерлер сеткасында 64 ойыншы, ал әйелдер жарысында 32 ойыншы бақ сынайды. Турнирде жастармен қатар Ярослав Тарновецкий (Украина), Сергей Крыжановский (Молдова), Артур Пивченко (Украина), Никита Ливада (Ресей), Қаныбек Сағынбаев (Қырғызстан), Владислав Осьминин (Ресей) және Леонид Швыряев (Ресей) сияқты әлемдік бильярд жұлдыздары да қатысады.

Қазақстан осы әлем чемпионатына үш дүркін әлем чемпионы, Еуропа және Азия чемпионы Әлихан Қаранеев, әлем чемпиондары - Ернар Шымбаев, Әлібек Омаров сияқты ойыншылардан құралған «алтын» құрамасын шығарады. Бұдан тыс, республика чемпионы атағын жуырда ғана жеңіп алған Арби Мурциев те қатысуы мүмкін.

ҚР Бильярд спорты федерациясының президенті Аңсар Қаранеевтің айтуынша, турнирдің сыйлық қоры 12 миллион теңге.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал