14.11.2018, 12:21 7827 Қазақстан чемпионаты: Алғашқы жарыс күнінің жеңімпаздары анықталды

Астанада дзюдодан Қазақстан біріншілігі басталды. Алғашқы жарыс күнінде біз күтпеген жаңа есімдер чемпион атанды.

Әйелдер:

- 48 кг

1.Абиба Абужақынова (Алматы облысы)

2.Ақмарал Науатбек (Астана қаласы)

3.Ұлдана Сайыл (Шымкент қаласы)

3.Cалтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

Астаналық Әйгерім Әбілқадырова турнирден алған әсерінің тамаша екенін айтады. 

«Қазіргі көңіл-күйім керемет. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанып тұрмын. Бұл шексіз бақыт. Бұрын мен 55 келіде белдескенмін. Жақында 52 келіге көшіп, осы салмақта топ жардым. Өте қуаныштымын», - дейді Әйгерім. 

- 52 кг

1.Әйгерім Әбілқадірова (Астана қаласы)

2.Ақжол Қайыпхан (Атырау облысы)

3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)

3.Айдана Бұғылбаева (ШҚО)

Ерлер:

«Аллаға шүкір, бүгін алғаш рет Қазақстан чемпионы атағына ие болдым. Бұл мен үшін үлкен жеңіс. Өйткені, ел біріншілігінен соң үлкен жарыстарға жол ашылады, ұлттық құрамаға қабылданамыз. Сол себепті, жеңіске жету үшін барымды салдым. Осы орайда, бапкерім Манарбек Жұбатқанұлына алғыс айтқым келеді

. Барлық кездесулер маған оңай соққан жоқ. Финалдағы Қызылорда облысының балуаны да өте мықты. Оны тактикалық тұрғыдан жеңдім», - дейді 60 келіде ел чемпионы атанған Бауыржан Нарбаев

- 60 кг

1.Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы)

2.Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы)

3.Рустам Ибраев (Ақтөбе облысы)

3.Нұр Аманшүкіров (Жамбыл облысы)

- 66 кг

1.Әбілхайыр Мәуленин (Алматы облысы)

2.Шадияр Қуандық (Түркістан облысы)

3.Есет Қуанов (Ақтөбе облысы)

3.Ерлан Жақсыбеков (Қызылорда облысы)

66 келідегі Әбілхайыр Мәуленин былтырғы үзілістен соң ұлттық құрамаға қайта оралды. 

«Былтыр бағым жанбай, жүлде ауылынан алыс қалған едім. Биыл үлкен дайындықпен келі, алтын алдым. Аллаға шүкір. Бұл 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жасалған бір қадам.

Барлық қарсыластарым жақсы дайындықпен келген. Әрбір кездесуде соңына дейін күрестік. Алтын аламын деп келген едім, мақсатыма жеттім», - дейді Әбілхайыр.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қаласы «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтіп жатыр. Астана қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған ел біріншілігі 16 қарашаға дейін жалғасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал