29.06.2018, 12:07 688 Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды

Алматыда тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Бүгінге дейін жекелей сындағы жеңімпаздар анықталған болатын. Екінші жарыс күнінде  жасөспірімдер командалық жарыста сынға түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында астаналық велоспортшылар Даниил Пронский, Нұржан Хатпин, Глеб Брусенский және Рамис Дінмұхаметовтерн жеңіске жетті. 

Екінші орында Максим Гридчин, Кирилл Демьянов, Максим Попугаев және Артем Сильченкодан құралған Алматы каласының командасы. Үшінші сатыда қарағандылық спортшылар. Олардың құрамында жарысқа Виктор Абдуллаев, Александр Бекенов, Сергей Кудинов және Артем Загирняк қатысқан болатын.

Қыздар арасындағы жұптық-командалық жарысты Алматы облысының өкілдері Светлана Пащенко мен Анжела Соловьева жеңіп алды. Күміс жүлдегерлер астаналық Марина Курносова мен Диана Буканова, ал қола жүлде Алматы облысының тағы бір өкілі Бота Батырбекова мен Ақпейіл Өсімнің қоржынында.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал