03.04.2018, 13:02 711 Қазақстан Дэвис кубогы аясында Хорватияда дайындығын пысықтады

Бірер күннен кейін теннис жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген Дэвис Кубогінің ширек финалдық кездесулері басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА  тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Осыған орай Қазақстан құрамасы Хорватияның Вараждин қаласына барып, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Жерлестеріміз үшін жартылай финалдың жолдамасы сарапқа салынатын бәсеке дәл осы жерде өтеді.

Бұл жолы Ұлттық құрама сапына Тимур Хабибулин, Роман Хасанов, Денис Евсеев сияқты жас теннисшілер алынған. Бұған қоса Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Дмитрий Попколар бар.

Диас Досқараев, ұлттық құраманың капитаны:

- Бізде әлі 4 күн бар. Біздің спортшылар осы жақтың уақытына, климатына әбден үйренген. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал